Павлодарда жылына мыңдаған адам қазақ тілі курсында білім толықтырады. «Ана тлі» орталығы он сегіз жастан асқан кез-келген тұрғынға мемлекеттік тіл негіздемелерін жыл басынан бері үйретіп келеді. Орталықтың алдағы жазғы уақытқа арнаған жоспары да нық.

Ана тілі орталығы мемлекеттік тілді үйренем деушілерге әдайым есігі ашық. Биылғы жылдың ақпан айында басталған тіл үйрету курсы жазғы маусымда жалғастырады. Курсқа келушілер әр түрлі жастағы адамдар. Он сегізден енді асқан жастар да, зейнетке ашыққан қарттар да бар.

Әр курс үш айға құрылған. Бір уақытта екі немесе одан да көп топ сабақ алады. Бұнда оқытудың көптеген тәсілдері бойынша сабақ жүргізіледі. Басты меже қатысушыларға күнделікті қарым-қатынас тілін үйрету. Әрине, сабақ барысында көпшілігі меңгеріп алады. Алайда, практикада қолдану жағы қоғамдық ортаға байланысты.

«Ана тілі» орталығы алдағы уақытта бірқата жобаларды іске асыруды көздеп отыр. Демалыс күндері, саябақтарға сабақ өткізуді де жоспарлауда.

Жанасыл Серікбол