Биыл «Сарыарқа» шағын ауданының құрылысы толығымен аяқталады. Қазір мұнда 5 көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр. Шағын ауданда жалпы саны 42 үй бой көтермек. Бұған қоса осы тағы 17 тұрғын үй пайдаланылуға берілетін болады.

Павлодар облысында соңғы 7 жылда тұрғын үй салу біршама қарқын алған. Облыс орталығында екі бірдей шағын аудан бой көтерді. Биыл «Сарыарқа» шағын ауданының құрылысы толығымен аяқталады. Қазір мұнда 5 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ауданда жалпы саны 42 көп қабатты үй салынған.

Азат Сатабаева, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

Павлодарда 20 үй салынып жатыр. Бұл жалпы саны 2148 пәтер. Биыл осы 20 үйдің 17-сін аяқтауды көздеп отырмыз. Бұл дегеніңіз 1824 пәтер қолданысқа беріледі деген сөз. Бұдан бөлек «Достық» шағын ауданында тағы 7 үй салынып жатыр. Бұл 906 пәтерді құрайды.

Екібастұз бен Ақсуда жалпы саны 8 үй салынып жатыр. Олардың да басым көпшілігі осы жылы пайдаланылуға берілмек. Ал облыс орталығында тағы 3 бірдей шағын аудан бой көтеретін болады. Мұнда 12 мың пәтер салынады деп жоспарлануда. Ал «Алюминстрой» шағын аудандағы тұрғындардың мәселесі шешілмей тұр.

Азат Сатабаева, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

Павлодар қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша бұл ауданғы ескі үйлер толығымен бұзылатын болады. Биыл бұл үйлердің жобалық сметалық құжаты жасалады. Ал тұрғындарға уақытша пәтер береміз.

Алминстройлықтардың қай жаққа қоныстанатыны белгісіз. Белгілісі шенділер тұрғын үйсіз қалмайды деп сендіріп отыр.

Өзгеріс Қуанар