Ақсу қаласы, Үштерек ауылында жазғы лагерь балалардың демалуын қамтып қана қоймай, елін сүюге тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуде. Мектепте түрлі бағыттағы топтар құрылған.
Үштерек орта мектебі жазғы лагеріне биыл 274 бала барды. Сонымен бірге, жазғы сауықтыру аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларын 100% қамтыған. 3 бағытта жұмыс істеді. Онда «Бал бала», «Спортландия» және «Жас сарбаз» атаулары бойынша шара өтті.
Мақсатхан Жекебай, лагерь ұйымдастырушысы:
Жалпы біздің Үштерек орта мектебінің жазғы лагері жыл сайын Қалқаман кадет мектебімен спорттық-патриоттық сайыстарын ұйымдастырып, жыл сайын жазғы лагерьде осы екі команда арасында әртүрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып отырады. Бізде міндетті түрде әртүрлі іс-шаралармен балалардың қызығушылығымен өткізіледі және балалар да өте белсенді қатысады.
Жазғы сауықтыру лагерінің қатысушылары демалысты көңілді өткізді. Мәселен, дөңгелек үстелдер, дебат сайыстары және шығармашылық кештер ұйымдастырылды.
Назерке Қайратбек, оқушы:
Біз бұл күндерді өте қызықты етіп өткіземіз. Себебі, біз әр күн сайын сайыстар өткіземіз, күнде ойнаймыз, би билейміз. Бір бірімізбен татуласамыз, ұрыспаймыз. Бізге 3 уақыт тамақ ішеміз. Бұның бәрі өте керемет. Мен лагерьге 5-маусымнан бастап келіп жүрмін. Мен келгеніме қуанамын.
Жаз кезінде түрлі үйірмелер жұмыс жасап, әлеуметтік-психологиялық қызмет те көрсетіледі.
Айшуақ Арғынбайқызы, оқушы:
Маған лагерь өте ұнады. Өйткені онда қызықты, көңілді болды. Күннен күнге қызықтырап кетті. Және мен өзімнің еліммен мақтанамын және осындай елім барына қуанамын.
Оқушыларға Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру үшін «Жас сарбаз» кадет мектебі және Үштерек мектебі сарбаздарының арасында «Біз болашақ ұланбыз» атты әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс соңында дала асханасы ұйымдастырылып, флэшмоб орындалды. Қалқаман кадет мектебінің сарбаздары туринир жеңімпазы атанды.
Жұлдыз Қабылденова