Биыл жедел жәрдем қызметі 16 адамды өлім аузынан аман алып қалды. Жол апатынан және жүрек қан тамырлары ауруынан зардап шеккен науқастарға дер кезінде жеткен. 9 айда жедел жәрдем қызметіне 10 мыңнан астам қоңырау түсіпті.
Павлодарда жедел медициналық қызмет стансасы бір жылда 333 мың науқасқа көмек көрсеткен. Күніне 72 бригада кезекшілік жасайды. Жедел жәрдем қызыметінде су жаңа 109 көлік бар. Олар заманға сай барлық қажетті құралдармен жабылдықталған. Биыл дәрігерлер 16 адамды өлім аузынан аман алып қалды.
Қанадан Ахметжанов, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері:
Оның 16 адамды аман алып қалғанның ішінде 40 пайызы 7-6 адам фельдшерлер бригадасымен жасалған. Бәрі оқытудың арқасында нәтиже көріп отырмыз. Бізде реанимацияда ең қиыны интубация дейміз. Оны көп дәрігерлерде қорқады. Бізде фельдшерлер жасайды.
Жедел жәрдем қызметі 3 қала мен 10 ауданда қызмет көрсетеді. Әр елді-мекенде жеке бекеттер ашылған. Шақыруға жылдам жету бойынша республика бойынша алдыңғы орында тұр.
2019 жылдан бастап қоңырауды ұстап тұру қызметі іске қосылды.
9 айда 10 мың қоңырауға жауап берген. Бұл дегеніңіз 10 мың адамның өмірін сақтап қалумен бірдей.
Қанадан Ахметжанов, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері:
Осы 22 жылы 17 мыңға жауап қоңырауды ұстап тұрдық. Оның ішінде өте көп родды. Және реанимация жағдайы 12. Нәтижесі 12 адамды ұстап қалдық. Жанын сақтап.
Ал күре жолдардың бойында 6 жедел жәрдем қызметі жұмыс істейді. Іске қосылғалы бері 20 мыңнан астам шақырту түскен. Әзірге бірде бір өлім оқиғасы тіркелмепті.
Өзгеріс Қуанар