Қалалық кітапханада классик ақын Қалижан Бекхожиновтің 110 жылдығына арналған поэзия кеші өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.
Биыл өңірімізде арқалы ақын Қалижан Бекхожиннің мерейтойы кеңінен аталуда. Оның шығармалары халықтың қасі¬ретін, халықтың ішкі діңгегінің мық¬тылығын жырлайтын дастан¬дардың барлығы қазір өзінің өміршеңдігін тағы да дәлелдеп отыр.
«Жыр тарланы – Қалижан» атты поэзия кешінде аға-буын өкілдері оның өмірінен естеліктер айтса, Қалижан Бекхожинов атындағы мектептің оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Шара барысында филология ғылымдарының кандидаты Жібек Досбайдың «Қалижан Бекхожин – поэмаларының поэтикасы», «Жылдар – ойлар» атты кітаптары облыстық, қалалық және ақынның есімімен аталатын мектепке табысталды.
Қымбат Садық