Павлодарда «Қарызсыз қоғам» жобасы басталды. Бұл адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Ұйымдастырушылар бір жылда 6500 адамды оқытуды жоспарлап отыр. Алғашқы лекпен 60 адам оқу курсын бастап кетті.
Әсемгүл Күлмағанбетова - көп балалы ана. Бір басында бес несиесі бар. Оның төртеуін шағын қаржылық ұймыдардан алған. Алайда, несиесін уақытылы төлей алмай қалған. Соның кесірінен есеп шоттары бұғаталып қалыпты. Сол себепті кәсіпкерлікпен де айналыса алмай отыр. «Қарызсыз қоғам» жобасына өзінің қаржылық сауаттылығын арттыруға келген.
ӘСЕМГҮЛ КҮЛМАҒАНБЕТОВА – КӨП БАЛАЛЫ АНА
«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысқаным дәл маған өте керек нәрсе. Бір жақтан мен білім алғым келеді. Қаржылық біліміз болса, өміріміз өзгереді деп ойдамыз. Білімсіздіктен көп қателік жасап жатырмыз. Сондықтан, осындай жоба шыққанымызға өте қуаныштымыз. Сабақ беріп жатқан ұстаздарымыз өте мықты екен. 100 пайыздық бәрі ұғымды. Мына аудиториямен жұмысты жақсы жасайды екен. Қарапайым халық үшін өте керек нәсер екен.
«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша 1 жыл ішінде 6500 адамды оқыту жоспарланған. Қазір бірінші лекпен 60 адам қаржылық сауаттылығын арттырып жатыр. Олардың ішінде көп балалы ана, аз қамтылған отбасылардың мүшелері бар. Оқуға кез келген адам қатыса алады.
АЙГҮЛ МӘЛІКОВА – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Бұл жоба Үкіметпен бірлесіп, «AMANAT» партиясы бірге жүзеге асырып отыр. 00-58 Қарызы немсе кредиті көп адамдар тегін оқи алады. Бұл екі бізде екі этаптан тұрады. Бірінші этап таңертең тоғыздан түске 13.00-ге дейін бұл теориялық білім дейміз. Екінші этап түстен кейін әрбір адам өздері жеке заңгерлермен кездесіп, өздерінің жеке сұарқтарын шешуіне болады. Оқу бізде 5 күн жүреді. Сертификат беріледі. Арнайы сертификат болған адамдар жыл бойы заңгерлерден кеңес алып, өз жағдайларын жақсарта алады.
Оқыту өңіріміздің әр ауданы мен қаласында өткізіледі. Оларға арнайы дайындалған 4 оқытушы сабақ береді. Мақсат адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыру.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауат бойынша білім беру платформасы іске қосылды. Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына, колледждеріне және мектептеріне қаржылық сауат курсы енгізілді. Дәлірек айтқанда, 450 мың оқушы мен 100 мың студентті қаржылық сауат негіздеріне үйрету жоспарланған. Бұл оқу орындары үшін арнайы әдістеме мен оқу құралдары әзірленді.
Өзгеріс Қуанар