Қазақстан алғаш рет «орта держава» елдердің тізіміне енді. Бұл тізімді германияның беделді ғылыми орталығы жасаған. Алмания елінің "Ғылым және саясат қоры" "Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды факторлар" атты көлемді мақалалар жинағын шығарды.

"Орта державалар" ұғымы әлемдік саясат пен экономикада маңызды рөл атқаратын мемлекеттерді білдіреді. Түркия, Израиль және Үндістан сияқты елдер кіретін "Ғылым және саясат қорының" орта державалар тізіміне Қазақстан биыл алғаш рет енді. Германиядағы « Ғылым және саясат қоры» мамандарының пікірінше, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында өзінің сыртқы саясатымен айпықша. Бұл жол Қазақстанды аймақтағы жетекші ойыншы етеді.

БОРИС ПОЛОМАРЧУК, САЯСАТТАНУШЫ

Соңғы екі жылда Президент өзі бас болып сыртқы қатынас ведмоствалары көптеген жұмыстарды атқарды. Шетелдік инвесторлармен тығыз жұмыс істеді. Сондықтан, қазірдің өзінде Еуропа елдері Қазақстанға инвестиция тарту ісінде көш басында тұр. Бұл рейтинг Еуропа елдерінің Қазақстанды болашағы бар, қаржы құюға болатын елдер тізіміне енгізгендігін білдіреді деп ойлаймын. Сондықтан, бұған тек қуануымыз керек.

Сарапшылар Қазақстан өз амбициясын ерте кезеңде халықаралық саясатта жүзеге асыра алғанын мойындады. Мысалы, Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті және Сирия қақтығысында келіссөздер алаңын ұсынды. Сондай-ақ, Қазақстан эконмикалық тұрғыдан да ұтқыр шешімдерге ие мемлекет. Орталық Азиядағы көршілес нарықтарға қарағанда, Қазақстан 1990 жылдары бірінші кезекте мұнайдың бай қорларын барлау үшін Батыс инвесторларына ашылды. Нәтижесінде Еуропалық одақ Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор және сыртқы сауданың 40% үлесімен елдің ең маңызды экономикалық серіктесі болып отыр.

Жанасыл Серікбол