Халықаралық әйелдер күніне орай павлодарлық көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Облыс бойынша бұл төлемге 700 ге әйел қол жеткізбек.

Әйелдер қауымын, оның ішінде көп балалы атанған нәзік жандыларды әлеуметтік қолдау әсіресе мереке қарсаңында маңызды шара. Биыл облыс бойынша атаулы әлеуметітк көмек иелерінің ішінде көп балалы аналарға 18 мың 400 теңге мөлшерінде төлем түседі. Осылайша жиыны 700 ге жуық көпбалалы ана жергілікті әкімдіктер тарапынан берілетін сыйға иелік етпек.

Көпбалалы отбасының ұйытқысы болып отырған нәзік жандыларға назар аударып, сый тарту жасап жатқан мемлекетке алғыстан басқа айтар жоқ дейді Павлодар қаласының тұрғыны Сәуле уӘЛИЕВА. .

СӘУЛЕ ВАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мен көп балалы анамын. Төрт балам бар. Алда келе жатқан мерекемен барша әйелдерді құттықтаймын. Осындай көмек көрсетіп жатқан мемлекетке алғысым шексіз

Осылайша биыл облыс бойынша көпбалалы аналарға 12 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем түрі беріледі.

Жанасыл Серікбол