ҚЫМБАТ САДЫҚ, ТІЛШІ

Ұлыстың Ұлы күні жасалатын сыйлы ас – Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалған. Қазақ ұғымында жеті санының киелі сан екені бәріне аян. Көже құрамына кіретін дәмдер де қасиетті әрі денсаулыққа берер пайдасы мол. Бұл 7 дәм молшылық пен тоқшылықтың, сәттілік пен байлықтың, бақ пен берекенің белгісі саналады

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ТІЛШІ

Сонымен қатар қазақ халқы ежелден табиғи өнімдерді қолданған. Ұлыс күні дастарқанда тағам мол болса, сол жылы ақ мол болады деп ырымдаған. Бұл орайда, наурыз көжеден бастап қазақтың ас атасы наны мен еті дастарханға мол болады.