Туған қызын көңілдесі үшін өлтірген ана сот алдында жауап беруде. Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Бесқауға ауылында тұрған 7 жастағы Милана Давыдованың айуандықпен өлтіру ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған безбүйрек ана мен оның көңілдесі сот алдында жауап бере бастады.

Жантүршігерлік оқиға былтыр қараша айында болған. Күдіктілер бүлдіршінді ұрып, кейін қылқындырып денесін қоқысқа көміп тастапты. Кейін полицияға баланың жоғалғаны жайында хабарлап, екі күн бойы құзырлы мекеме өкілдерімен бірге іздестірген. Сот ісінен белгілі болғандай ішімдікке әуес анасын Милана, көңілдесімен болған сәтте ұстап алған. Көргенін әкесіне айтатынын жеткізген. Оны естіген анасы туған қызын бірнеше рет жұдырығымен ұрып, кейін белбеумен соққы жасаған. Алған ауыр жарақаттан қыз бала есінен танып қалады.

ГУЛЬМИРА ТОЛЕБАЕВА, ПРОКУРОР

Одан кейін анасы көңілдесі Әбілдиновке қылмыс қаруы ретінде қолданған белбеуді беріп, Милананың мойнына байлап, қылқындырған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленуші Милана Давыдова сол жерде көз жұмды.

Қазір іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Сот залына журналистерді кіргізген жоқ. Келесі аптада сот отырысы өтеді.

Валентина Леонова