Ырыс пен құтқа, береке мен аққа толы мейрамды ақсулықтар да айрықша қарсы алды. Алдымен шаһардың еңбек ұжымдары орталық алаңда шерулетіп өтті. Елімізге танымал өнер жұлдызы да қала тұрғындарын әз наурыз мейрамымен құттықтап, әсем ән тарту етті.

Барша ел күткен көне мейрамды, әрі күн санап жаңарып келе жатқан жасампаз мейрамды ақсулықтар айрықша қарсы алуға бел буған. Алдымен жақсылықтың жаршысындай ұзын-сонар шеру өтті. Осылайша, наурыз мейрамының, жыл басының сән-салтанатпен келгендігін баршасына паш етті. Артынша көпшілікке сахналанған қойылым ұсынылды. Онда көктемнің келіп, айналаға нұр шашқаны, табиғаттың жаңарып, жаңа тіршіліктің оянуы бейнеленген. Сосын қашан да қуаныштың жаршысы болған шашу шашылды.

Ақсулықтарды ардақты мейраммен құттықау үшін алыстан әнші қонақ та келіпті. Елімізген танымал эстрада жұлдызы Рақымжан Жақайым көпшілікке кең танылған әндерін бас сахнада орындап, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Наурыз - табиғатың ата-анадай елжіреп, мейірім шашатын мейрамы. Бұл күні барша халық бір-бірінен ақ тілегін аямайды. Барша елге ұлыс оң болсын айтады.

Меркелік шараға бірнеше бағдарлама енген. Қолөнер шеберлерінің де көрмесі ұйымдастырылып көпшілікке ұсынылды. Спорттық алаңдарда тұрғындар өз өнерлерін көрсетіп, бәсекеге түсті. Ал, киіз үйлерде әр түрлі қазақ салты көрсетілді. Олардың бірінде Сәбит Дөнентаевтың 130 жылдығына арналған көрсе ұйымдастырылған.

ГҮЛНАР ОСПАНОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бүгін осындай киіз үй құрып отырмыз Сәбит Дөнентаевтың 130 жылдығына арналған. Ол кісі біздің жерлес ақынымыз, жазушымыз. Құркөла уылында дүниегек елген. Қалалық мәдениетс арайы, бірнеше көше сол кісінің атында...көшелер бар

Ұлық мейрам жаңарған табиғатпен бірге келеді. Жақсылықтың жаршысы ретінде келеді. Сондықтан да бұл мейрам барша жанға қуаныш пен шаттық сыйлайды.

Жанасыл Серікбол