Ұлыстың ұлы мейрамы әз Наурызды облысымыз ерекше атап өтті. Күн мен түннің тенелген мезгілін Екібастұз жұртшылығы құшақ жая қарсы алды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Екібастұз қаласы көктем мерекесін шаһардың орталығында қарсы алды. Жиналғандардыың саны қалын. Салтанатты шарада ұлттық ойындар ойнатылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Шаһар әкімі қала тұрғындарын ұлық мерекмен құттықтады.

Шараның Наурыз мейрамы қарсаңында көп қабатты тұрғын үйлер арасында «Наурыз тойы аулада» конкурсы аясында үздік безендірілген үй иелерін марапаттау рәсімімен жалғасты.

Шаһар жұртшылығы қала тұрғындары мен қонақтарына арнап білім ауылы атты үш шаңырақ киіз үй тікті. Киіз үй іші биылғы жылға тұспа тұс келген мерейтой иелері Бердібек Соқпақбаев, Мүбәрәк Жаманбалинов және Бейімбет Майлиннің шығармашылығына арналған көрмемен ерекшеленді.

Ал мерекелік сахна төрінде республикамыздың эстрада жұлдыздары. Нұрболат Абдулин Әлишер Каримов және Мархаба Сәби тындармандарына әуелеткен әнімен тамсандырды.

Байтұрсын Жұмабай