Облыс орталығында республикалық IQANAT олимпиадасының екінші кезеңі өтті. Білім додасына 200-ге жуық оқушы қатысты. Толығырақ – келесі сюжетте.

Білім бәсекесінің ерекшелігі – мұнда тек ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары қатысты. Себебі жоба ауыл мектептерінің шәкірттеріне қолдау көрсетуді көздейді.

Сайысқа қатысушылар логикалық ойлау, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, ағылшын тілі және таңдау пәні бойынша сынға түсті.

Олимпиадада топ жарған 1000 бала Алматы қаласында өтетін үшінші республикалық кезеңге жолдама алады. Сондай-ақ оларға 3 жыл бойы қолдау көрсетіліп, үздік жоғары оқу орындарына түсуге көмек беріледі. Ал ақтық кезеңде жеңіске жеткен балалар келесі жылы Бурабайда орналасқан мектепте тегін оқиды.

Жұлдыз Қабылденова