Аққулы ауданы, Тілектес ауылында келер жылы жаңа мектеп салынады. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында айтылды. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

Біздің арна тілшілері ақпан айының соңында Аққулы ауданы Тілектес ауылында апатты жағдайда тұрған ескі мектепте оқушылар білім алып жүргені жайында айтып, көрсеттік. 50 жыл бұрын бой көтерген білім беру мекемесінде қазір 48 бала оқиды. Едені қисайған, қабырғасы сөгілген, қамыстан қаланған нысанға наурыз айында сараптама жасалған екен. Тексеруге келгендер мектеп апатты деп кесім айтты.

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Толық сараптама жасалды мектепке. Қаражат біздің тапарымыздан бөлінді. Ең бірінші сараптаманың қорытындысы бойынша.... апаттық жағдайда деп саналды. Ең бірінші бізге жобалық сметалық құжат жасауымыз керек. Қазір ең бірінші осы біздің жұмысымыз болуы керек.

Тиісті құжаттар дайындалғаннан кейін қазынадан білім беру ошағының құрылысына қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болмақ. Мектеп келер жылы бой көтереді. Әзірше, білім беру басқамрасы жаңа мектеп салынғанша ондағы оқушыларға Қызылқоғам ауылына барып оқуға ұсыныс білдірді.

Әйгерім Тоқпанқызы