Қазіргі уақытта павлодарлық көлік иелерінің 650 миллион теңгеден астам салық бойынша берешегі бар. Сондықтан жауапты мекеме өкілдері өткен жыл үшін көлік құралдарына салық төлеуді 1 сәуірден кешіктірмеу керек екенін ес ке салады.

Қазір облыс бойынша 130 мыңнан аса көлік иесі бар. 2023 жылға дейін көлік құралдарына салынатын салық 3 095 569,4 мың теңге сомасына есептелді. Бұл – алдыңғы жылдардан жиналған сома. Биыл көлік иелері 650 млн теңге салық төлеуі тиіс.

ЕРБОЛАТ ҒАББАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғалар көлік салығын дербес есептейді. десе де, салық органдары бірінші сәуірге дейін салық сомасын есептеуге және салық төлеушінің жеке шоттарына жіберуге тырысады. бұл арқылы көлік құралының иесі қандай да міндеттемелерінің бар-жоғы туралы ақпарат ала алады. ақпаратты «e-salyq azamat» қосымшасынан көруге болады, сондай-ақ кей банк қолданушыларына 1 сәуірге дейін төленуі тиіс салық сомасы ауш-хабарлама арқылы жіберіледі

Уақытылы төленбеген салық үшін айыппұл салынбайды. Бірақ өсімпұл жүреді. Қосымша хабарлама жіберіледі. Оны алғаннан бастан 30 күн ішінде төлеу керек.

ЕРБОЛАТ ҒАББАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

30 күн ішінде салық төленбесе, салық бұйрығы жасалады. Көлік иесіне салық бұйрығы табысталған соң 5 жұмыс күнінен кейін жеке сот орындаушыларына табысталады. Олар соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін түрлі шектеу шараларын қолдана алады. оған банк шотын бұғаттау, елден шығуға тыйым салу, мүлікті пайдалануға шектеу қою, нотариалдық әрекеттер жасауға шектеу сияқты шаралар қабылданады

Берешекті өндіріп алу үшін жол полициясымен бірге рейдтер өтеді. Бүгінге дейін 52 рейд жүргізілді.

Жұлдыз Қабылденова