Павлодарда ерекше балалар арасында байқау өтті. Онда қатысушылар қызмет көрсету саласы бойынша біліктіліктерін сынады. Сайыстың басты мақсаты әр мамандықтың қыр сырын ашып, оқушылардың кәсіби біліктілігін дамыту. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Бұл сайыс өңірімізде мүгедек балалармен оқушылар арасында 3-ші жыл өтіп отыр. Мұндай сайыстың негізгі миссиясы - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мамандықты саналы түрде таңдауға және кәсіби мансапты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 «Кондитерлік іс» сайысында оқушылар мастикадан фигура жасап,бенто торт дайындады. Колледждің үздік студенттері көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беріп тұрды.

Екінші кезеңде қатысушылар «Мейрамхана ісі» бойынша қонақтарға қызмет көрсетті. Онда олар майлықтарды әдемі бүктеудің 10 түрлі әдісін көрсетті. Байқау қатысушысы Николай Золотых болашақта бариста болғысы келеді.

Бұл сайысқа қатысушылардың арасында 3 оқушы осы колледжде білім алуға ниетті.

Байқауға барлығы 14 оқушы қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Сағыныш Жасқайрат