Өңір басшысы Асайын Байханов Павлодар қаласында жылу беру маусымын өткізу бойынша және келесі маусымға дайындық жоспарлары туралы көшпелі жиын өткізді. Алдағы материалымызда.

Жыл беруге дайындық жыл бойы жүруі керек. Солай болып та жатыр деді жиынға қатысушылар. Ағымдағы жылу беру маусымына дайындық барысы кезінде үш ЖЭО-дағы 15 негізгі жабдық жөнделді. Сонымен қатар, 30 шықырым жылу желісін жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілген. Осы жасалған іс-шаралардың барлығы ақауларды 20%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

жылы ағымдағы жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін павлодарлық ЖЭО-дағы тағы 15 негізгі жабдыққа жөндеу және шамамен 25 шақырым желіге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осы орайда аймақ басшысы қала басшылығы мен тиісті мекемелерге бірқатар міндеттер жүктеді.

Жылу беру маусымын аяқтай салысымен, біз бірден келесі маусымға дайындықты бастаймыз. Бұл барлық деңгейдегі әкімдер мен бейінді мемлекеттік органдардың жұмысындағы маңызды сұрақтардың бірі, сондықтан, ауқымды жұмыстар жүргізу қажет, - деп атап өтті облыс әкімі.

Жанасыл Серікбол