Достық шағын ауданында көппәтерлі үй пайдалануға берілді. Баспана кілттерін өңір басшысы Асайын Байханов табыс етті. Толығырақ салтанатты шараның куәгері болып қайтқан тілші әңгімесінде.

Бүгін өңірдің 198 жанұясы қуанышқа кенелді. Олар облыс орталығының жаңа ауданынан кең, жарық, әрі жылы үйлердің кілттерін алды. Өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Бұл баспанаға жалға және кезекте тұрған жандар қол жеткізді.

Өңір басшысы әр тұрғынды осынау қуанышты сәтпен құттықтап, кілттерді табыс етті.

Бұдан кейін пәтер иелерінің алғашқы қонағы болып, салт жораға сай балақайдың тұсауын кесті.

Павлодар қаласының тұрғыны Сұлушаш Жуанышпаеваның немерелері бүгін 11 жыл күткен пәтер кілтін алды.

Ал 87 жастағы Шәкен Рахымжанова әжеміз үй кезегінде 20 жыл тұрған. КеЙуана баспаналы болғанына өте қуанышты.

Достық ауданы шаһарымызда бой көтерген жаңа аудан. Бұл маңайда келешекте әлеуметтік нысандар салынбақ.

Әйгерім Тоқпанқызы