2023 жылғы наурыздан бастап облыста қызылшаның 1612 жағдайы тіркелді. Оның 604 жағдайы былтыр тіркелсе, жыл басталғалы 1008 жағдай тіркелген. Олардың 70 пайызға жуығы 14 жасқа дейінгі балалар.

Сонымен қатар, қызылша жұқтырғандардың 16,5 пайызы бұған дейін екпе алғандар. 83,4 пайызы екпе алмағандар. Оның ішінде 44 пайызы мұлдем бас тартқан. Қызыша жұқтырып сырқаттанғандардың 50% - ы Павлодар қаласының тұрғындары. 19 пайызы ақсулықтар болса, 20 пайызы екібастұздықтар.

Иә, қызылшадан бөлек, 2023 жылдың қараша айынан бастап 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жұқққандардың да саны өскені байқалуда. Бұл жағдай жалпы ел бойынша назар аударалқы жағдайға жеткен. Сондықтан, бұған да қарсы шаралар қабылдануда.

2023 жылдың қараша айынан бастап 6 және 10 айлық баларды және 2 ден 4 жастағы балаларды қызылшаға қарсы, сондай-ақ бұрын вакцинацияланбаған 30 жасқа дейінгі барлық адамдарды қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау науқаны жүргізілуде. Сондай-ақ, 1 ақпаннан бастап облыста вакциналардың барлық түрлері бойынша толықтыра иммундау шарасы жүргізілуде.

Жанасыл Серікбол