Еліміздің бірқатар аймағында қар еріп, су тасып жатыр. Өңіріміздің қала маңындағы ауылдарында көктемгі су тасқынын болдырмау үшін су сору жұмыстары жүргізілуде.

Жедел штабқа түскен әр қоңырау бақылауға алынады. Қазір өңір бойынша 198 су соратын мотопомпа жұмыс істеп жатыр. Олар Успен, Ақтоғай, Ертіс, Ақсу ауылдық аймағы мен Павлодар қаласынын судан тазартуда. Сондай-ақ жергілікті билік өкілдерінің техникалары да жұмылдырылған. Сондай-ақ республикалық маңызы бар жолда бақылауға алынды.

Су тасқыны уақытында тазаланбаған қардың салдарынан болып отыр. Осы орайда, өңір басшысы құзырлы департамент басшыларымен жиналыс өткізген. Оның нәтежесінде Павлодар, Тереңкөл ауданы және Ақсу қаласы әкімдеріне сөгіс жарялаған.

Әйгерім Тоқпанқызы