Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжиновты бопсалау ісі бойынша сот отырысы басталды. Істі өңірдің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарап жатыр. Толығырақ тілші материалында.

Бұған дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжиновқа әйелді зорлады деп айып тағылған болатын. Алайда, істі тергеу барысында бұл ақпараттың шындықты жанаспайтыны анықталды. Осыдан кейін әкім орынбасары өзіне жала жапқан әйелге қатысты полицияға арыз жазған. Іс сотқа жетіп, бопсалау бабы бойынша алдын ала тыңдау өтті. Айыпталушы әйелдің өтініші бойынша сотқа алқабилердің қатысатын болады.

Сот залында әйел әкім орынбасары өзін кабинетіне шақырғанын айтты. Бірақ, ол жерге қауіпсіз болғандықтан, барғанын жеткізді.

Сотқа Серік Батырғұжинов онлайн форматта қатысты. Бұған денсаулығының сыр беруі себеп болған. Бұл туралы арнайы анықтама да ұсынды. Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әкім орынбасары 8 қаңтардан бастап, еңбекке жарамсыздығына байланысты жұмысқа шықпаған. Егер әйелдің кінәсі расталса, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгеріс Қуанар, Валентина Леонова