Рамазан қамқорлық пен қайырымдылық айы. Осы айда «Зекет» қоры 30 күнде 30 баспана бастамасын көтерген. Акция аясында осы уақытқа дейін Павлодар облысында екі баспана берілген.

Екі пәтердің бірі Ақсу ауылдық аймағында берілген. Онда екі балалы, анасымен бірге тұрып жатқан жалғыз басты ана жаңа шаңырақтың иесі атанды. Екінші баспана Шарбақты ауданындағы Хмелниций ауылының иманына қызметтік пәтер ретінде табысталған.

Бұдан бөлек рамазан айында облыстық барлық мешіттері өз мүмкіндіктеріне орай қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда. Бұл үшін «Рамазан қоржыны», «Шарапатты рамазан» сияқты акциялар ай бойы өтуде. Бүлдіршіндерге рамазан тәттілері де үлестірілуде.

Рамазан айында мешіттерден бөлек кез-келген мүмкіндігі бар тұрғын әр түрлі жолмен қайырымдылық шарасын атқара алады.

Жанасыл Серікбол