Атамекен кентіне жаңа кіреберіс стелла орнату үшін 43 миллион теңге бөлінеді. Сондай-ақ қаржының бір бөлігі ондағы футбол алаңын жөндеуге жұмсалмақ. Қала бюджеті алдағы бірнеше жылда қалай бөлінеді? Бұл туралы тілшіміз баяндайды.

Облыс орталығында қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Негізгі мәселелердің бірі – 2024-2026 жылдарға арналған 233 миллиард теңге көлеміндегі бюджетті нақтылау. Қазынаға түсетін жаңа түсімдер бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінеді. Мәселен, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шағарылғанына 35 жыл толуына байланысты азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік төлем үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 33 миллион 530 мың теңге бөлінді.

ҚАНАТ ҚАПУОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 1 млрд 679 млн 466 мың теңге бөлінді. Жағажайды күрделі жөндеу үшін 450 млн теңге бөлінді. Орталық әмбебап дүкен маңындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелін қайта жөндеуге 101 млн 409 мың теңге бөлінді. Вокзал алаңындағы қалалық сағатты ағымдағы жөндеуге 92 млн 975 мың теңге бөлінген. Бағдаршам нысандарын орнату және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 80 миллион теңге қарастырылған. Төрт саябақтың жол қоршауларын жөндеуге 30 миллион теңге бөлініп отыр. «Жасыл тоғайдағы» шаңғы-роллер трассасын жөндеуге 169 миллион 463 мың теңге бөлінген. Жолдардың сапасына сараптама жүргізуге 25 млн.теңге бөлінді

Жер қатынастары бөліміне 1,6 миллиард теңге бөлінген. Қаржының басым бөлігі Усолка шағын ауданындағы жайлы мектеп құрылысына жұмсалады. Ауылдық елді мекендерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, абаттандыруға 65 млн теңге қарастырылғанн. Атап айтқанда, Атамекен кентіне 43 млн, Павлодарское ауылына 21 млн теңге жұмсалмақ.

 ҚАНАТ ҚАПУОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Ауылдық елді мекендерге 65 млн 789 мың теңге бюджет бөлінді. оның ішінде атамекен ауылына кіреберіс стелла ортануға және футбол алаңын жөндеуге 43 млн 889 мың теңге бөлінеді. Ал Павлодарское ауылына трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеуге және ұяла байланыс үшін антенналар мен құрылымдарды орнату үшін 21 млн 900 мың теңге қарастырылады

Кезектен тыс 15-сессияда қалалық мәслихат депуттаттары өзгерістерді қолдап, Павлодар қаласының алдағы үш жылға арналған бюджетін бекітті.

Жұлдыз Қабылденова