Павлодар қаласындағы №6679 әскери бөлімінде жас сарбаздар 40 күн оқудан өтіп, енді Отан алдында әскери борышын өтеуге ант қабылдады. Шараға әскерилер, жас сарбаздар мен ата-аналары қатысты.
Жас сарбаз Тілеухан Медетбеков Павлодарға Шымкент қаласынан әскери борышын өтеуге келді. 40 күн бөлімде арнайы оқудан өтіп бүгін ант қабылдады.
Ант қабылдау рәсіміне Тілеуханның анасы Наргиза Медетбекова да қатысты. Баласының әскер қатарына өзі барғысы келгенін айтып қуанды.
НАРГИЗА МЕДЕТБЕКОВА, АТА-АНА
Осы 6679 әскери бөлімінде ұлым әскери борышын өтеп жатыр. Өте қуаныштымын. Балам өзі әскери борышын қорғаймын деп өзі келді. Бұл жердегі командирдлерде де, қызметкерлер де жақсы. Балам өте жақсы әскери бөлімін өтеп шығады деген үміттеміз. Құдай қаласа.
Ант беру рәсіміне аналар кеңесі де қатысты. Жалпы қаламыздағы әскери бөлімдер бірнеше жыл қатарынан «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігімен жұмыс жасайды. Ақ жаулықты аналар әрқашан жас жауынгерлердің жанынан табылады.
БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Аяулы да жақсы көретін жастар, сарбаздар. Үлкен мереке жастар ант берді. Осы анттарың өмір бойы жандарында сақтаңдар. Біздің сарбаздар қажырлы қайратты елін қорғай алатын сарбаздар деп есептеймін. Бүгінгі мереке құтты болсын.
Жалпы 100-ден астам жас сарбаз ант қабылдады.
НАЗБЕК МӘЛІКОВ, №6679 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі таңда 6679 әскери бөлімі Ұлттық Ұланның Шығыс Қолбасшылығына қарайтын әскери бөлімдердің бірі. 140 тан астам жас сарбаз әскери антты қабылдап жатыр. Антты қабылдаған кейін әрбір сарбаз ұлттық ұланға қойылған міндеттерді орындай бастайды. 6679 әскери бөлімінің міндеттерінің бірі қылмыстық атқару жүйелерін күзету боп табылады. Сотталғандарды күзету, олардың қашуына жол бермеу. Олармен 2 жұмалық қызметке баулу барысы өтеді. Одан кейін өздігінен жауынгерлік қызметті атқаруға кіріседі.
Айта кетейік, жас сарбаздар 2 апталық оқудан кейін жауынгерлік қызметке кірісетін болады.
Самал Қалиқызы