Павлодарда қала күніне орай «Ертіс аула фест» спорттық фестивалі өтті. Екінші жыл қатарынан балалар мен жастардың басын қосып отыр. Қатысушылар үшін тек спорт жарыстары ғана емес танымдық алаңдар да ұйымдастырылды. Толығырақ тілші сюжетінде. 


Футбол, шеберлік сыныптары, қосымша білім. Бір алаңда оңдаған павлодарлық балақай жиналды. Бәрі де «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ерекше шараға қатысты. Мереке тәтті сыйдан басталды, балаларға тәтті балмұздақ таратылды. 

Арина Краскова, «Жасыл ел» қалалық штабының командирі 

Бүгін «Заң және тәртіп» концепциясы аясында біз аулааралық спорт шарасын өткізіп жатыр. Екінші жыл қатарынан қала әкімінің және ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткізіп отырмыз. Бағдарлама өте қызықты, ауқымды, шығармашылық нөмірлер болады. қатысушыларға отбасылық эстафеталар әзірленді, соған қатыса алады. Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын ұстану. 

Алаңда аула командалары жарысып, жартылай финалға шығуға бақ сынасты. Жарысқа бәрі де дайындалып келген. Бірақ қатысушылар негізгі мақсаты жеңіс емес, қатысу деп отыр. 

Жарыс соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға ерекше сыйлықпен құрмет көрсетті. 

Айнагүл Сәрсенбаева, Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы

Футбол ойнаған балаларға қала әкімі атынан футбол формалары табысталады. Бұл ойыншылар үшін командалық рухты көтеруге, өздерін келесі ойындарға жігерлендіруге мүмкіндік береді. Спорт формалары қала әкімі атынан таратылады. 

Мерекелік бағдарламаны жас спортшылар мен кішкентай әртістер сәнін келтірді. Каратэ мен джиу-джитсу секциясының спортшылары әдемі көрсетілім дайындады. «Ертіс аула Fest» – жобасы бұл тек спорттық шара емес. Аумақта кішкентай тұрғындар үшін интерактивті алаңдар ұйымдастырылды. Одан бөлек, балаларға интернет алаяқтардың айласына қалай түсіп қалмау туралы да ақпарат айтылды. 

Динара Аманжолова, балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушы

Бүгін балаларға танымайтын адамдарды әртүрлі айлалары туралы айтатын боламыз. Қазір жаз айы болғандықтар, балалар үйде де, дала да жалғыз жүреді. Сондықтан балаларды алдау, арбау сынды фактілер көбейеді. Бүгін практикалық түрде балаларға бір екі кеңес беремін. Бұдан бөлек, үйге, подьезге қауіпсіз кіру туралы кеңестер беремін. Себебі өзім жиі байқап жатамын, балалар жан жақтарына қарамайды, арттарында кімнің келе жатқанын байқамайды. Соны айтқым келеді. 

Сонымен, шара аясында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. «Ертіс аула фэст» жобасының дәстүрлі түрде өтетіні қуантады. Себебі бұл спорт іс шарасы ғана емес, бұл білім беретін, мерекелік көңіл күй сыйлайтын алаң. 



Самал Қалиқызы