Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков шаһар тұрғындарымен кездесу өткізді. Азаматтарды не толғандырады? Көтерілген мәселелер бойынша қандай шаралар қабылданады? Тілші материалында.


Жылдағы дәстүр бойынша тұрғындардың уақытын үнемдеп, нақты мәселелерді талқылауға көбірек көңіл бөлу үшін алдымен бейнематериал көрсетілді. Осылайша, бірінші жартыжылдықта қалада атқарылған жұмыстар мен шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп ұсынылды.

Кейін кезек қала тұрғындарына берілді. Жиналғандар өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Шаһар басшысы аталған түйткілдің шешілетінін және нысанның тұрғындарға қауіп төндірмейтінін жеткізді. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі де бұл мәселемен танысып, тиісті шаралардың жүзеге асатынын айтты.

Келесі қала тұрғынын алаңдатқан мәселе – үшінші топ мүгедектігі бар баласының жұмысқа орналасуына қатысты туындаған қиындықтар. Ол осы бағытта көмек көрсетуді сұрады.

Бұдан бөлек кездесуге келген шаһар тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инфрақұрылым, абаттандыру, қоғамдық тәртіп және тағы да басқа өзекті мәселелерді ортаға салды. Қала әкімі сауалдарға жауап беріп, тиісті сала мамандарына міндеттер жүктеді.


Жұлдыз Қабылденова