Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрып, уақыт өткізгіңіз келмесе, тез әрі сапалы қызмет алу мүмкіндігі бар. Ол үшін жеке менеджер қызметіне жүгінуге болады. Бұл қызмет қандай мүмкіндіктер береді, не істейді? Толығырақ тілші сюжетінде.
Жеке менеджер халыққа қызмет көрсету орталығында кезексіз, тез әрі сапалы қызмет алуға мүмкіндік береді. Бар болғаны қаладағы кез келген ХҚКО-на келіп, жеке қызмет аламын деп өтініші білдіріп, келісімшарт жасасаңыз болды. Айта кетсек, бұл қызметтер ақылы болады.
Азина Мұхамедьярова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ ПОФ №1 ХҚКО бөлімінің басшысы
Қызметтің басты ерекшелігі – жеке менеджердің басынан аяғына дейін сізді сүйемелдеуі. Маман құжаттарды тапсырудан бастап дайын нәтижені беруге дейінгі барлық кезеңдерді үйлестіруді өз мойнына алады. 2026 жылға арналған қызмет құны ХҚКО-да 5697 теңге, ал мамандандырылған ХҚКО-да 6306 теңгені құрайды. Жеке менеджерді үйге шақрытуға да болады. Маман алдын ала өтінім бойынша келісілген орын мен уақытта келеді. 2026 жылға арналған қызмет құны 7447 теңгені құрайды.
Жеке менеджер үйде паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін және автокөліктердің қайта тіркеу қызметтерін жасамайды. Яғни бұл қызметтер әдеттегідей ХҚКО-да жасалады.
Азина Мұхамедьярова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ ПОФ №1 ХҚКО бөлімінің басшысы
Мысалы сіз туу туралы куәлікті қайта алғыңыз келеді. Бірақ сіздің құжаттарды жинап, анда мында жүретін уақытыңыз жоқ болса, бізге келіп жеке менеджер қызмет аласыз. Ол сіздің құжаттарды тексеріп, сіз үшін ары қарай қызмет алуға көшеді.
Айта кетейік, жеке менеджер қызметінің енгізілгеніне біраз уақыт болды. Жеке менеджерді үйге шақырту үшін 1414 нөміріне хабарласу жеткілікті.
Самал Қалиқызы