Павлодарда өткен халықаралық форумға жан жақтан шетелдік еріктілер келді. Олар өз тәжірибелерімен, жоспарларымен бөлісті. Өңірлік волонтерлер де атқарып жатқан жұмыс барысын көрсетті. Жлапы осындай халықаралық форумдардың маңызы неде? тілшіміз айтсын.  

Ертіс-Баян өңірінде еріктілер мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, бизнес-қоғамдастықпен және азаматтық сектормен табысты ынтымақтастық орнатып келеді. Қазіргі уақытта облысымызда ешбір шара волонтерлерсіз өтпейді, осыдан ақ еріктілер қоғамның ажырамас бөлігіне айналғанын байқауға болады. 

Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев, 2026 жылы халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін айқындайтын тарихи шешім. Президентіміз еріктілерді елдің нағыз патриоттары деп атап, олардың жанашырлығы тұрақты даму негізі екенін үнемі айтып келеді. 

Павлодар облысында 30 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, олардың 4 200-і – балалар. Олар үшін 23 даму және ерте араласу орталығы, 35 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 58 оңалту құрылғысы сатып алынып, олардың игілігін қазірдің өзінде 80-нен астам бала көрді. Инклюзивті ортаны қалыптастыруға «Алтын Бата» және «Клубный дом Альрами» қоғамдық қорлары да елеулі үлес қосуда. Олар волонтерлермен бірлесіп мүгедектігі бар адамдарды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу, сүйемелдеу және қолдау бағытындағы жобаларды жүзеге асырып келеді.

Гүлбара Сұлтанова, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы

Құрметті форумға қатысушылар, құрметті қонақтар бүгін Павлодарда өте маңызды форум өтіп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, волонтерлер қандай таза жүрегімен жұмыс істейтінін көрдік. 

Еріктілер қозғалысына жастарды тартуға ерекше көңіл бөлінуде. Павлодар облыстық студенттік құрылыс және жастар жасақтарының «Жасыл ел» штабы жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік өмірге тарту бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Ал, Екібастұздағы іздестіру-гуманитарлық жасағы жоғалған адамдарды іздеумен айналысады. Бұл да біздің қоғам үшін қазір аса қажет, себебі соңғы кездері адамдардың із-түссіз жоғалуы көбейіп кетті.  

Анатолий Козлов, еріктілер жасағының басшысы 

«Екібастұз» іздестіру-гуманитарлық жасағы жоғалып кеткен азаматтарды іздестірумен, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетумен айналысады. Біздің жасақ полиция басқармасымен, төтенше жағдайлар басқармасымен байланыстамыз. Екібастұздағы ірі кәсіпорындармен жұмыс жасаймыз, әсіресе олардың жастар ұйымымен тығыз байланыстамыз. 

Павлодардағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі халықаралық волонтерлік форумына Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Әзербайжан елдерінің, сондай-ақ Астана қаласы мен Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының делегациялары қатысты.

Ксения Аксионова, ерікті 

Біздің волонтерлік клуб туралы кішкене айтып өтсем. Атауы «Слон» немесе піл, жалпы піл деген үлкен жануар, ешкімге зияны жоқ. Сол секілді біздің клуб та ешкімге зияны жоқ, бірақ көмектесуге асығатын ұйым. Ал, негізі «СЛОН» деген аббревиатура. Біздің клуб республика бойынша кең ауқымда, барлық бағыттарда жұмыс істейді. Интернаттар мен балалар үйін аралаймыз, қоғамның барлық мүшелеріне көмек беруге тырысамыз. 

2020 жылдан бері Павлодар облысында волонтерлік қызметті шағын гранттар арқылы қолдау тәжірибесі қалыптасқан. Қазіргі уақытта еріктілердің жұмысын Ұлттық фронт-офис үйлестіруде. Жыл соңына дейін волонтердің цифрлық паспорты, Волонтерлікті дамыту ұлттық индексі және 2030 жылға дейінгі волонтерлік қозғалысты дамыту тұжырымдамасы әзірленбек.


Самал Қалиқызы