Күні кеше Демеу Жадыраевтың бозкілемдегі шайқасынан кейін қазақстандықтар тағы бір кездесуді күтті. «Алтын» үшін шаршы алаңға Нұрбек Оралбай шықты. Жалпы тартысты жарысқа павлодарлық мамандар қалай баға берді?
Финалда 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай украиналық Александр Хижнякпен шаршы алаңға шықты. Бірінші раунд 3:2 есебімен аяқталды. Алайда шешуші раундта төрешілер қарсыласқа басымдық берді. Нәтижесінде Нұрбек Оралбай Парижде өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Отандық бокста оған қоса қола жүлде де бар, оны Назым Қызайбай әкелді.
АЗАМАТ МАҚАЖАНОВ, ҚР БОКСТАН ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Әрине алтын алған дұрыс еді. Бірақ осыған ризамыз. Біреуі күміс, біреуі қола әкелді. Яғни нақты төртке өнер көрсетті деуге болады. Осыған қарамастан әлі де ойланып, дамып, жұмыс істеу керек.
Азамат Мақажановтың сөзінше, салмақ дәрежелерін қысқарту да әсерін еткен.
АЗАМАТ МАҚАЖАНОВ, ҚР БОКСТАН ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Біздің спортшылардың дайындығы жақсы болды. Қыздардың дайындығы ойдағыдай емес. Бұрын ерлерде 10 салмақ дәрежесі болса, қазір 7-еу. Сосын осындай төмен нәтиже көрсетілді.
ОЛимпиадалық ойындарға павлодарлық спортшылар қашан шығады деген сұраққа, қолдау қажет деді жаттықтырушы.
АЗАМАТ МАҚАЖАНОВ, ҚР БОКСТАН ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Алдымен жаттығу қажет, дайындалу қажет. Бақ өкілдері, жанкүйерлердің, демеушілердің, әкімдіктің қолдауы қажет. Бізде де өте талантты жастар бар. Болашақта олимпиадалық медальдар болады деп сенеміз.
Сонымен, Лос Анжелесте өтетін Олимпиадаға әлі 4 жыл бар. Онда павлодарлық боксшылар да шаршы алаңға шығады деп сенеміз.
Самал Қалиқызы,