Кез келген мемлекеттің дамуы үшін Конституция қабылданып, ел үшін жұмыс жасағаны маңызды. Бұл құжат ел азаматтарының алаңсыз, қайғы қамсыз өмір сүруіне кепіл береді. Биыл Ата Заңның қабылданғанына 29 жыл. Осы уақыт ішінде басты құжат неше рет өзгерді? Тілшіміз айтсын.

Ата Заңымыз Қазақстан халқы үшін маңызды құжаттың бірі. Барлық қаулы, заңдар, нормативтік актілер оның негізінде жасалады. Жалпы ҚР Констиуциясы 9 бөлімнен тұрады. Оның екінші бөлімі адам және адамзат деп аталса, үшінші бөлімі Президентке арналған. Яғни 9 бөлімнің 40-48 баптарында Президенттің қызметі нақтыланған. Соңғы өзгерістерге сәйкес мемлекет басшысы енді бір реттен артық сайлауға түспейді.

ЛАУРА АХМЕТОВА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ

Президент жалпы сайланғанда 7 жылға сайланады. Келесі рет кандидатурасын ұсына алмайды. Халық болып сайлау жүйесі арқылы жүзеге асырылады бұл.

ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық сайлау арқылы қабылданды. Содан бері Ата Заңға 5 рет өзгеріс енген. Алғаш рет 1998 жылы өзгеріске ұшырады. 19 бапқа өзгеріс енді. Негізі Ата заңға қатысты жалпыхалықтық референдум ел тарихында екі рет өтті.

ЛАУРА АХМЕТОВА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ

Жылы жалпыхалықтық референдуммен Ата заңымызға өзгерістер енгіздік. Халық болып бірігіп сайлау жүргіздік. Халық қолдады. 2022 жылы 5 маусымда рерфендум өтті. Өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ мәжіліс депуттаттарының 30 пайызы, облыстық мәслихатттардың 50 ал аудандық мәслихаттар 100 пайыз тікелей халықтың дауыс берумен сайланады. Биыл Конституциямыздың қабылданғанына 29 жыл толып отыр. Осы 30 жылға жуық уақыт ішінде Ата Заң Қазақстан халқының негізгі гарантына айналды. Елімізде болып жатқан кез келген өзгеріс осы Конституцияға негізделеді.

Самал Қалиқызы