2024 жылғы 6 қазан күні елімізде атом электр станциясын салуға қатысты жалпыұлттық референдум өтеді. Осы мәселеге қатысты Ақтоғай ауданының мұғалімдері де өз пікірлерімен бөлісті.

Бұл шешімді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кеңінен талқылау қажеттігі туралы айтты. Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі үшін атом энергетикасын дамыту аса маңызды.

АҚМАРАЛ ЕРТАЕВА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ҚАЗАҚ ТІЛІ МҰҒАЛІМІ

Осы референдумда әрбір қазақстандықтарға «сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе» деген сауал қойылады. Бұл сауал тектен-текке жай беріле салынған сауал емес. Ол талқыланған, сарапқа салынған. Мен өзім мемлекеттік мекемеде соның ішінде жастарға білім беретін, тәрбие беретін мекемеге ұстаз ретінде осы референдумға қатысамын. Өз пікірімді білдіремін.

Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің экономикалық және экологиялық болашағына елеулі әсер етеді. Сондықтан бұл мәселе кеңінен талқылану жөн.

САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА АҚТОҒАЙ АУДАНЫНАН