«Отбасы» банкінің «Наурыз», «Отау» тұрғын үй бағдарламасы құжаттарды қабылдай бастады. Оған баспанасы жоқ, әкімдікте кезекте тұрған азаматтар өтініш бере алады. Толығырақ келесі сюжетте.

«Наурыз» бағдарламасы «Отбасы» банкінің кезекті тұрғын үй бағдарламаларының бірі. Оған ҰОС ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген, соғыс ардагерлері, мүгедек балалар бар отбасылар, созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауыратын адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер, қандастар, жетім балалар мен ата ана қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрғын үйінен айырылған адамдар, толық емес отбасылар өтініш бере алады. Құжат қабылдау 16 қыркүйектен басталды.

АРМАН НҰРҒАЛАМОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АЖ БИЗНЕС ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

16 қыркүйектен бастап 25 қыркүйекке дейін «Науырз «Отау» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. 5 жылщда үй болмауы керек. Алдыңғы жарна 20 пайыз болу керек. Кезекте тұрғандарға 7 пайызбен беріледі. Павлодарда жаңа үйді алуға болады. Моноқалаларда екінші нарықтағы үйлерді алуға болады.

Сонымен, «Наурыз» және «Отау» бағдарламасының талаптары ұқсас. Бастысы бастапқы жарна 20 пайыздан жоғары болу керек. Баспана конкурстық түрде ұпаймен есептеліп тағайындалады. Осы ретте баспана. маркет сайты жұмыс жасайды. Алайда банк өкілі павлодарлықтардан өтініш болғанымен, оларға берілетін үйлердің жоқ екенін айтты.

АРМАН НҰРҒАЛАМОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АЖ БИЗНЕС ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Бүгінгі күнге 900 Павлодар облысы бойынша өтті. Бірақ үйлердің аз болуы себебімен 30 шақты адам үйді алды Павлодар бойынша. Мысалы ертең конкурс бойынша өтсеңіз оны Ақсуға ауыстыруға болады өтінімді.

Астана, Алматы қалаларында 36 млн теңге, еліміздің басқа қалаларында 30 млн теңгеге дейін баспанаға өтініш білдіруге болады. Павлодарда осы бағдарламаға сай келетін жаңа үйлер жоқтың қасы. Сондықтан банк өкілі үй салушылар мен әкімдікке осы бағдарламаға арнайы үй тұрғызу керектігін де айтты.

АРМАН НҰРҒАЛАМОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АЖ БИЗНЕС ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Бұл бағдарлама жаңа. Биыл іске қосылды. Сәуір, наурыз айларында құжат қабылдайды. Қазір қосымша өтініш қабылдап жатырмыз. Бағдарлама 8 жыл жұмыс жасайды. Әлбетте жыл бойы емес, тек сәуір, наурыз айларында өтініш беруге болады.

Айта кетейік, аталмыш несиелеу бағдарламалары бойынша қазан айының басында нәтиже шығады.

Самал Қалиқызы, Алексей Мехедов, ЕА