Ертіс Баян өңірінде талантты, білімді жастар тұрады. Жерлестеріміз түрлі деңгейдегі шараларда бой көрсетіп, өңір намысын қорғап жүр. Осы жастарды қолдап-қолпаштау мақсатында облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты байқау өтеді. Байқаудың шарттары қандай? Толығырақ алдағы материалда.

Дода мақсаты облыстың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан дарынды жастарды қолдау. Премия бекітілген 10 номинацияға сәйкес беріледі.

Премия алуға халықаралық, республикалық конкурстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ белгілі бір саланың дамуына ықпал ететін жастар үміткер бола алады. Қатысушы құжаттарды қолма-қол әкеп тапсыруы қажет.

Айта кетейік, дәстүрлі "Тәуелсіздік ұрпақтары премиясы" облыстық байқауына өтінімдерді қабылдау 31 қазанға дейін жалғасады.

Қымбат Садық