19 қазан Қазақстанда құтқарушылардың кәсіби мерекесі тойланады. Осыған орай біз қызметі өмірлеріне қауіп төндіретін, ерлікке толы ерекше жандар жайлы айтамыз. Кейіпкерлеріміз жергілікті судан құтқару станциясында жұмыс істейтін павлодарлық ерлі-зайыптылар. Экранға зер салайық.

Қуанышта да, қайғыда да бірге. Бұл сөз осы дәл осы жұбайларға арналып айтылғандай. Анастасия мен Даниил адамдардың өмірін де бірге жүріп құтқарады.

Құтқарушының жұмысы тәуекелдерге толы. Бірақ, қадірлі мамандық. Әсіресе жазда жұмыс ауырлайды. Күйеуім іссапарларда жиі болады. Жазда тіпті сирек көрісеміз.

Анастасия Морозова мен Данил Соловей бір-бірін мектеп кезінен біледі. Қарым-қатынастары студенттік жылдары да жалғасты. Осы уақытқа дейін бір елі жарып көрген жоқ. Отбасы құрғандарына да он жыл толып қойды. Даниил жұмысқа тұрған соң Анастасия да осында келді. Осылайша олар бақытта жұбайлар ғана емес, кәсіби әріптестер атанды.

Данил Соловей, құтқарушы:

Біз әр түрлі ауысымдамыз. Жұмыста бір-бірімізді көп көре бермейміз. Үйде қарапайым тұрмыспен айналысамыз. Бала тәбиелейміз.

 Жұбайлар құтқарушы болудың оңай емес екендігін айтады. Ол үшін адамарға деген ізгі ниет қажет. Жалпы құтқарушылар тек судан ғана құтқармайды. Олар өмірдің кез-келген сәтінде жаныңыздан табылуға дайын. Павлодар облысының жедел-құтқару жасағының құрамында 96 қызметкер бар.

Қай кезде қандай жағдай болатындығын ешкім білмейді. Сондықтан, құтқаруылар әр кез өздерін кез-келген жағдайға дайын ұстайды. Адам өміріне араша түсу ісі салғырттықты кешірмейді, сылтауды қабылдамайды.

Жанасыл Серікбол, Анастасия Ерш.