Шахматтан «Павлодар опен -2024» турнирі мәреге жетті. Турнир Қазақстан Кубогының үшінші кезеңі саналады. Оған жиыны 17 елден келген шаршы тақта шеберлері қатысты.

100 ге жуық шахматшы 9 күн бойы Павлодар төрінде бақтарын сынады. Шахмат – терең ойдың, күрделі стратегияның ойыны. Қатысушылардың бәрі бұл спорттың қыр-сырына жетік шеберлер болды.

Спортта осал қарсылас болмайды. Шахматта тіптен. Турнирдің жабылу салтанатында бір апта бойы озық ойын көрсеткендер мараптталды. Солардың бірі Армения елінің өкілі Арам Акопян. Ол бұл турнирде мүмкін болған 10 ұпайдың 8-не қол жеткізді.

Арам Акопян, «Pavlodar open-2024» турнирінің жеңімпазы (армения):

Қатысушылар үшін барлық жағдай жасалған. Ұйымдастыру жоғары деңгейде деп айта аламын. Турнир барысы мен үшін оңай болған жоқ. Қатысушылардың барлығы кілең мықтылар. Барлық партияда табысты ойнап жеңіске жеттім.

Шахматтан қазақстандық жастардың әлемдік деңгейде биік нәтиже көрсетіп жүр. Бұның бәрі осындай турнирлердің жиі өтуінің нәтижесі екені белгілі.

Артур Шпейзер, Павлодар облыстық шахмат федерациясының төрағасы:

Павлодар облысында шахмат спорты ілгері жылжып, даму жолына түскендігін айтқым келеді. Павлодарда айына бір рет ұлттық не болмаса халықаралық турнир өткізудеміз. Өткен айда ғана «Сенат опен» турнирін сәтті өткіздік. Алда да көптеген жоспарлар бар.

 «Павлодар опен» турнирі швейцарлық жүйе бойынша өтті. Қатысушылар екі санат бойынша, «Мастерс» және «Опен» санаттары бойынша бақ сынады. Барлығы 970 партия ойналды.

Жанасыл Серікбол