Бүгін өңір басшысы Асайын Байханов Павлодар ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. Павлодар ауданын 2023 жылдың қаңтарынан бастап басқарған Николай Дычко өз еркімен қызметінен босатылды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, өңір басшысының өкімімен Павлодар ауданының әкімі болып Дидар Ибраев тағайындалды. Дидар Елубекұлы 1992 жылы Железин ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органында бастаған. Бұған дейін 2022 жылдан бастап Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. Дидар Елубекұлы президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады. 2020 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» атағын алды.
Жанасыл Серікбол