Ертіс ауданының №4 жалпы орта білім беру мектебінде «Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы білім кепілі» тақырыбында мектеп басшылары мен оқу ісінің меңгерушілеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Бұл шара білім сапасын жақсарту мақсатында өткізілді.

Жобаның негізгі міндеті – педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және олардың кәсіби құзыреттілігін үздіксіз дамыту. Семинар барысында математика мен тарих пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Ал қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері «Сабақта жасанды интеллект қолдану – білім сапасын арттырудың жолы» тақырыбында шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Оған қоса, семинарда «Мінсіз оқушы» атты тренинг өткізіліп, қатысушылар арасында оқушы тұлғасын қалыптастырудағы тиімді тәсілдер талқыланды. Сабақ жоспарына енгізілетін өзгерістер жайлы пікірлер айтылып, әртүрлі әдістердің тиімділігі талданды

Сабина Жолдаспаева