Өңірімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акциясы басталды. Алдымен 40-қа жуық адам қатысқан автошеру өтті. Толығырақ тілші материалында.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ТІЛШІ

Өңірде бастау алған Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясының маңызы зор. Бұл ең әуелі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оның жолын кесуге, сондай-ақ, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталып отыр 00:17

Отбасындағы жанжалдан басталып зорлық-зомбылыққа ұласатын әрекеттерден зәбір көретіндердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Соңғы уақытта облысымызда зорлық-зомбылық дерегі көбейген еді. Мұның жолын кесу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акция басталды. Алдымен 15 көлік автошерумен жүріп өтті. Оған 40-қа жуық адам қатысты.

ГАУҺАР ОМАРОВА, «ҮМІТ ҮЗБЕУ» ҚҚ ДИРЕКТОРЫ

Акция ең алдымен автошерумен басталып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстардың мақсаты көп. Алдымен әйелдер мен балаларға жасалынатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кескіміз келеді. Осы 16 күн ішінде қоғамды зомбылықтың алыстату мақсатында бірқатар шаралар өткіземіз. Біз әр отбасында жайлылық, жылулық болғанын қалаймыз. Әсіресе, біздің болашағымыз балалардың өмірі жарқын болуы керек

Автошеру «Зеленая Роща» шаңғы базасынан басталып, Усолка шағынауданындағы көпірде аяқталды. Еріктілер зорлық-зомбылыққа қарсымыз деген ұранмен қала көшелерінде шеру жасады. Алдағы уақытта басқа да шаралар өтпек.

ГАУҺАР ОМАРОВА, «ҮМІТ ҮЗБЕУ» ҚҚ ДИРЕКТОРЫ

Осы акцияда біз мектептерде, колледж бен жоғары оқу орындарында профилактикалық іс-шаралар, дөңгелек үстел өткіземіз. Және ана мен балалалар тұратын барлық орталықтарға ла барамыз. Осы акцияда барлық тұрғындарды нақты ақпараттармен қамтитын боламыз.Сондықтан, осы акцияға қосылуға, бірігуге шақырамыз

Зорлық-зомбылық өскелең ұрпақ үшін үлкен қауіп. Қоғамда өзекті тұрған бұл мәселенің жүйелі түрде шешім тапқаны дұрыс.Сондықтан мұндай акциясының бастау алғаны қуантады.

Қымбат Садық