Аудан орталығы Ертіс ауылында биыл 3 көшенің жолдары орта жөндеуден өтті. Бұдан бөлек абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары да атқарылып келеді.

Биыл Бірлік көшесінің 495, Құдайберген көшесіне 810, Жасбатыр көшесіне жалпы ұзындығы 2.5 шақырым жолдарға орта жөндеу жұмысы жүргізілді. Оған облыстық бюджеттен қаражат бөлініпті.

АЗАМАТ БЕКБАУОВ, ЕРТІС АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осы жобаларды орындау мақсатында облыс бюджетінен 184 млнна астам ақша бөлінген. Бүгінгі күні осы екі жоба аяқталып, үшінші жоба аяқталу тұсында тұр. Себебі, осы зертханалық сараптама негізінде қорытынды жұмыстарды бітіреміз деп жоспарлануда

Жол – сапалы болуы тиіс. Өз кезегінде көше жолдарына сараптама жүргізілді. Сондықтан, алдағы уақытта да жол жұмыстары қарқынды түрде жалғасын таппақ.

Бұдан бөлек ауылдағы ағайынның айтар жаңалығы көп. Мұнда көшелерді жарықтаныдыру, абаттандыру, қоғамдық жұмыстар да жүйелі түрде қарқын алып келеді.

Қымбат Садық