«2025 жылы біз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект аналитикалық платформасын қолдана отырып, облыстың үш қаласында «Ақылды қала» ауқымды жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Өңірдің үш қаласында қоғамдық орындарда, 150 қиылыста, 250 желілік және 20 республикалық жол учаскелерінде 4 мың камера орнатылады», - деді облыс әкімі Асайын Байханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.