Ертіс ауданында 276 адам үй кезегінде тұр екен. Қазір ауданда 3 қабатты тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары барысымен тілшіміз танысып қайтты.

Ауданда бой көтеретін тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 178 млннан астам қаржы бөлінген. Ал облыстық қазынадан алынған 925 млннан астам қаражат ішкі қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр. 3 қабатты тұрғын үй жұмысы сапалы екенін көруге болады.

ЕРҚАНАТ ЖҰМАТОВ, «FIRST NATIONAL CONSTRUCTION» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

1 бөлме 40 квадрат, 2 бөлме 60 квадрат, 3 бөлме 80 квадрат көлемде салынды. Жобаны бірлесіп, жақсылап қарадық. Басты міндетіміз бұл үй кезегінде тұрған жандарға өз баспанасын салу болды. Яғни, оларға жайлы, кең, жылы болғанын қалаймыз. Мұнда барлық жағдай жасалады

Ертіс ауданында 276 адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде 42 отбасы көпбалалы, 30-ы жетім балалар, 125-і халықтың әлеуметтік осал топтары. Және баспанасы апатты деп танылған 5 азамат пен 73 мемлекеттік қызметші бар. Құрылыс жұмыстарына 60 - қа жуық адам жұмылдырылған.

ЕРҚАНАТ ЖҰМАТОВ, «FIRST NATIONAL CONSTRUCTION» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

Бұған дейін біз Железин ауданында 100 балаға арналған мектептің құрылысын жүргіздік. Өткен жылы тапсырдық, одан кейін дәл осы ауданда осы жолы түрғын үй салдық. Атқарылып жатқан жұмыстардан бөлек көп жоспар бар. Биыл Лебяжі ауданы, Тілектес ауылында мектеп құрылысын бастауды көздеп отырмыз. Бастысы барлық құрылыс сапалы түрде жүргізіледі.

Иә, ауданда тұрғын үй жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Жаңа үй желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

Қымбат Садық