Бұл бағытта барлық ірі кәсіпорындарда кешенді экологиялық шаралар мен соңғы ecofriendly технологияларын қолдану талап етіледі.
«Бұл ретте құны 178 млрд теңге болатын экологиялық шешімдер ERG тобының 4 ірі кәсіпорнында енгізілуде, бұл қалдықтарды 50 мың тоннаға немесе 57% пайызға төмендетеді», - деді өңір басшысы Асайын Байханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бұнымен қоса, 2025-2027 жылдары аталмыш шаралар Павлодар мұнай-химия зауытында, үш жылу энергетикалық орталықта қолданылады.
Сонымен қатар, өңірде пластик, металл, қағаз және шыны шығаратын алғашқы заманауи қоқыс сұрыптау кешені салынады. Жоба инвесторы барлық қажетті құжаттарды әзірледі. Зауытты келесі жылдың соңына дейін іске қосу көзделген.