Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Менімен дос бол» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған гала концерт өтті. Шара Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі және Самал оңалту орталығының қолдауымен өткізілді.

Кештің басты мақсаты – ерекше балалардың шығармашылық қабілеттерін көрсету болды. Гала-концертте балалар өздерінің ән айту, өлең оқу қабілеттерін ортаға салды. Олардың өнері залдағы көрермендерге ерекше әсер қалдырып, шапалаққа бөленді.

ГҮЛБАРШЫН НҰРМҰХАНОВА, «САМАЛ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ

Қазіргі таңда міне бізде шара өтіп жатыр. Маған дос бол деген. Осы шараға қатысатын балалар мүгедек балалар Самал орталығынан және басқа Ақсу қаласынан қатысады. Павлодар облысынан. Енді осы шараға қатысатын барлығы 12 бала.

Кештің тағы бір ерекшелігі – Самал оңалту орталығының балалары өз қолдарынан жасаған бұйымдарының көрмесі қойылды. Онда кестелі картиналар, қолдан тоқылған ойыншықтар және тағы басқа шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Сондай-ақ шараға ерекше балаларға көмектесіп жүретін колледж еріктілері де қатысты. Олар кештің ұйымдастырылуына қолдау көрсетті.

ДИНАРА СЕЙТКАЛИЕВА, ЕРІКТІЛЕР ЖАСАҒЫНЫҢ ҚОЛБАСШЫСЫ

Біз осы шараға колледжен келіп тұрмыз. Мен балалармен студенттермен осындай шараларға көмектесіп тұрамыз. Мүгедек жандарға қол ұшымыз әрдайым дайын.

Гала-концерт соңында барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Бұл кеш балалардың ерекше әлемін түсініп, олардың өміріне жаңа серпін беретін маңызды шараға айналды.

Сабина Жолдаспаева