Бүгін Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірдің даму перспективалары, әлеуметтік экономикалық дамуы туралы брифингке қатысты.
Павлодар облысының әкімі Асйын Байхановтың айтуынша, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8 трлн теңгеге жетті, өңдеу секторы 8%-ға өсті. Өңір өңдеуші өнеркәсіп көлемі бойынша ел көшбасшыларының үштігіне және шикізаттық емес экспорт көлемі бойынша ТОП-5-ке кірді. Өнеркәсіптің өсуі өңір экологиясына өз әсерін тигізбей қоймайды. Өңір басшысы ұсынған деректерге сүйенсек, құны 178 млрд теңге болатын кешенді экологиялық шешімдер ERG тобының 4 ірі кәсіпорнында енгізіліп жатыр. Бұл шығарындыларды 50 мың тоннаға немесе 57 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.Одан бөлек, 2025 жылдан 2027 жылға дейін Павлодар мұнай-химия зауытында, өңірдің үш жылу энергетикалық орталығында, Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2-де кешенді экологиялық шешімдер қолданылады.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды бағыттардың бірі – коммуналдық қалдықтарды басқару жұмысы. Бұл бағытта пластик, металл, қағаз, шыны шығаратын «Алғашқы замануи қоқыс сұраптау кешені құрылыс көмектеседі. Зауыты келісі жылдың соңына дейін іске қосу көзделген.
Облыс өнеркәсіптік шикізаттан, әртараптандыру процестері арқылы қуатты өңдеу саласы және әлеуеті мол ауыл шаруашылық аймаққа айналуда. Қазір өңір аграрлық салаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша елімізде көш бастап тұр. Қаңтар айынан бастап агробизнеске 190 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Инвестициялық жоба іске қосылып 500 ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Облыста егіс алқабы 1,6 млн гектарды құрады. Егіннің 100 пайызы жиналды. Рекордтық 1 млн астам астық жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артық, деді аймақ басшысы. Суармалы жер алқабы 179 мың гектарға жеткен.
Павлодар өңірінде әлеуметтік салаға облыстық бюджеттің барлық қаражатының 52%-ы жұмсалады, бұл аталмыш саланың жоғары әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді. Жұмыссыздықтың салыстырмалы төмен деңгейін, яғни 4,7%-дан аспайды. Бұған 26 мың жаңа жұмыс орнын құру әсер етуде. Өңір бойынша орташа айлық жалақының мөлшері 360 мың теңгеден асты, 9 айдағы өсімі 14% артық.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту үшін әлеуметтік осал топтағы тұрғындар 653 млн теңге сомасына 442 грантқа ие болды. Өңірде балаларға қосымша білім беруге және олардың бос уақытын ұйымдастыруға көп көңіл бөлудеміз. Жақында балаларға арналған 2 жаңа орталықты аштық. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Екібастұз қаласында «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы келесі айда есігін ашады.
Биылғы жылыту маусымына дайындық үшін 25 млрд теңгеге 31 шақырымнан астам жылу желілерін салу, қайта құру және жөндеу бойынша іс-шаралар өтті. Ұзындығы 9 км 4 жаңа жылу магистралі салынды және 19,3 шақырым желі жөнделді. Бұл коммуникациялардағы апаттар қаупін азайтуға мүмкіндік береді, деді аймақ басшысы. Бұдан бөлек, облыста 662 шақырымнан астам жол жөнделді. Облыс орталығында Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталды. Жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарлануда. Қалалардың жайлылығының негізгі факторларының бірі – қоғамдық көлік жүйесінің дамуы болып табылады. Қазірдің өзінде осы салада белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді, оны қала тұрғындары оң бағалаған болатын. Соңғы екі жылда 218 автобус жаңартылды. Бүгінде облыстың үш қаласы 75% заманауи жоғары класты автобустарға ие. Жыл соңына дейін жаңа автобустардың саны 250-ге дейін жеткізіледі. Брифинг барысында журналистердің сұрақтары да қойылды. Олардың бірі өңірдегі кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты қылмыстардың көбеюі жайлы.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Былтыр осындай 30 жағдай болса, биыл тағы 30 жағдай орын алды. Балаларға қатысты зорлық зомбылық 30 жағдайдың 25-і үйде болған, яғни балалар үйде қауіпсіз жерде болуы керек. 5 жағдай үйден тыс яғни саябақтарда, қонақүйлерде тіркелген. Мемлекеттік мекемелерде тіркелген бірде бір жағдай жоқ. Осы 30 жағдайы 16-сы мемлекеттік органдармен анықталған. Психологтар мен педагогтардің көмегімен белгілі болған. Осы оқиғалардың бәрі 2017, 2018, 2019 жылдары орын алған, қазір біз осы мәселелерді шешіп жатырмыз. Алдын алу жұмыстарын күшейту керекпіз
Павлодар әуежайына қатысты сұрақ та қозғалды. Биыл Павлодар-Астана бағытындағы рейс қайта ашылды, Алматы – Павлодар бағыты күніне 2 рет жүзеге асады. Ұшу жолағы бірнеше жыл бойы жөнделмеген, сондықтан күрделі жөндеу жүргізіледі. Негізгі жұмыстар келесі жылы атқарылып, қазан айында аяқталады деді Асайын Байханов.
Самал Қалиқызы