Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 197 дерек тіркелген. 22 қылмыс «адам ағзасын мәжбүрлеп алу» бойынша қозғалған. Ал, кәмілет жасына толмаған балаларды сату бойынша 6 қылмыстық іс тіркелген. Адам саудасы бойынша 17 іс қаралған. Мұны Ішкі істер министрлігі Астанадағы жиында айтты. Ведомство өкілінің айтуынша, мамандар бұл заңсыздықтың алдын алу үшін қарқынды жұмыс істеп жатыр. Әйтсе де, мұндай қылмыстар азаймай тұр. Биыл адам саудасымен айналысқан 70-ке жуық адам сотталған.
ШЫНАР КӨШЕРБАЕВА, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өкінішке қарай, адам саудасы қылмысы анықталып жатыр. Ол іс жүзінде жыныстық және еңбек қанауы, бала саудасы, адам ағзасын сату, адамды қайыршылыққа салу сынды қылмыс түрлерімен сипатталады. Сондықтан бұған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қажет.