Биыл Алаш өкіметіне материалдық тұрғыдан көп қолдау жасаған ұлт зиялысы Ілияс Жанқараұлының туғанына 180 жыл. Атаулы шара аясында Успен ауданында конференция өтті. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Алаш ардақтысы, ұлт жанашырының туғанына 180 жыл толуына орай ғалымдардың қатысуымен конференция өтті. Бұған дейін де мерейтой қарсанында біршама игі іс ұйымдастырылған.
САЛТАНАТ ӘЛПЕЙСОВА, УСПЕН АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Ілияс Жанқараұлының зиратының басына тас орнатылды. Аудандық музейде Ілиас Жанқараұлына арналған бұрыш ашылды. Жалпы, шарамыздың жалғасы аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Яғни көрме ұйымдастырылды.
Бас қосуға өңір басшысының орынбасары Айгүл Мәлікова қатысып, Павлодар облысы әкімінің құттықтауын ұлы тұлға ұрпақтарына табыстады.
АЙГҮЛ МӘЛІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл өткен екі ғасырдың тоғысында қаймағы бұзылмаған қазақ қоғамының мүддесі үшін ғұмыр кешкен белгілі қайраткер Ілияс Жанқара ұлының 180 жылдық мерейтойы.
Сондай-ақ отырыста «Жанқара ұрпақтары, Ілияс пен Құсайын» атты кітаптың тұсау кесері өтті.
Бұл кітапта Ілияс Жанқараұлы мен інісі Құсайын туралы деректер мен ұрпақтары туралы мәлметтер қамтылған.
ТАЛҒАТ ИСЛЯМОВ, ҚҰСАЙЫН ЖАНҚАРАҰЛЫНЫҢ ҰРПАҒЫ
Омбыдан жіберіп Сан-Петербургтан алдық, Алматы, Астанадан Семейден үлкен жұмыс жасап 2 жарым жылдай сол нені жинадық. Деректерді жасап осы кітап шықты. Ілияс пен Құсайын осы екі атамыздың бірге қосып кітап шығардық.
Бұдан бөлек Успен ауданының әкімі Нұрболат Абылайханұлы ұлты зиялысының есімін ардақтап жиналған қауымға алғысын білдіріп, мерейтой аясында өткен шараларға тоқталды.
НҰРБОЛАТ МАҚАШЕВ, УСПЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМ
Ілияс Жанқараұлының басына белгі тас орнатылып тұлғаның мәңгілік орын тепкен жері айырықша назарға алынуды. Алдағы уақытта да ұрпақтар сабақтасығын айғақтайдын ерекше орын ретінде абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады
Айта кетейік, Қарқаралы петициясына атсалысып, Орынборда өткен жалпы қазақ съезіне құрметпен шақырылған тұлға Ілияс Жанқараұлының мазары Успен ауданынан 75 шақырым жерде орналасқан.
Байтұрсын Жұмабай