Жыл басынан ғаламторда алаяқтық жобаларға жарнама жасаған 12 мың сайт бұғатталды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі Қоғамдық кеңесінің Алматыда өткен отырысында айтылды.

Сондай-ақ 28 қаржы пирамидасы, 25 жалған қаржы жобасы бойынша 300-ге жуық арнайы чат және әулеметтік желілердегі аккаунттар бұғатталған. Бұл агенттік мамандарының интернет-кеңістікте жүргізген мониторингтік шараларының нәтижесі. Одан бөлек, арнайы Талдамалық жүйенің арқасында әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азы-түлік бағасын заңсыз көтерген 350 адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ дәл осы жүйенің арқасында мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттар қайта қаралып, . 350 млн теңге үнемделген.