Облыс бойынша жануарларға арналған жекеменшік ветеринарлық клиника тек Тереңкөл ауданында орналасқан. Бұрын жан-жануардың иелері ветеринарлық мұқтаждық үшін облыс орталығына келген еді. Қазір бұл қызмет өз аудандарында қолжетімді.

Тереңкөл ауданындағы емхананада үй жануарларына көмек көрсетіп қана қоймай, профилактикалық тексеруден өткізуге де болады. Ольга Ковзалова «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Павлодардан Тереңкөлге көшіп келіп, бірнеше жыл ветеринарлық пунктте жұмыс істеп, кейін жеке ветеринарлық емхана ашуды ұйғарды.

ОЛЬГА КОВЗАЛОВА, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЕМХАНА БАСШЫСЫ

2018 жылдан бері ветеринарлық станцияда жұмыс істей отырып, мен кішкентай үй жануарларына күтім жасаудың үлкен қажеттілігін байқадым. Ауданда ветеринарлық пункт бар, бірақ дәрігерлер ауылшаруашылық жануарларына ден қояды да, кішкентай үй жануарлары қалыс қалып жатады. Сондықтан үй жануарларына арналған ветеринарлық клиника ашу идеясы туындады...для домашних питомцев

Ветеринариялық емхана екі жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді. Мұнда үй жануарларын емдеу, вакцинациялау, кастрациялау, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, хирургиялық көмек те көрсетіледі. Жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары да көптеп келуде.

ОЛЬГА КОВЗАЛОВА, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЕМХАНА БАСШЫСЫ

Соңғы бірнеше жыл ішінде тұрғындардың жануарларға деген жауапкершілікпен қарау мәдениеті жақсы жаққа өзгерді. Көшеден марғау пен күшіктерді тауып алып, үйлеріне апарар алдында тексеруге, емдеуге, қажет болса, профилактикалық екпе алу үшін бізге әкеледі... профилактические прививки

Осылайша, Тереңкөлде ветеринарлық емхананың ашылуы жануарлардың медициналық көмекке қол жеткізу мәселесін шешіп қана қоймай, үй жануарларына күтім жасауды қолжетімді әрі ыңғайлы етті. Ольганың жоспарлары көп. Көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтуді, жануарларға арналған аурухананы жабдықтауды және болашақта жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.

Жанасыл Серікбол