Алғашқы Ауыл шаруашылық форумында Мемлекет басшысының қолынан Павлодар облысының қарапайым мал бағушысы “Еңбек Даңқы” орденін алды. Бұл марапат жылдар бойғы еңбегіміздің жемісі дейді қожалық иесі. Бұл туралы тілшіміз айтсын.
Ел Президенті ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында шаруалардың жұмысын оң бағалап, жаңа межелерді айқындап берді. Бұл бағытта атқарылатын жұмыс әлі де көп деді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Агроөнеркәсіптік кешенге жан жақты көмек көрсетілуде. Негізгі мақсат ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру. Көрсеткіш жақсарып келеді. Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті сала болу керек. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осыған байланысты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы, жылдар бойы осы салада тер төгіп жүрген бірқатар азаматты марапаттады. Олардың қатарында “Болат” шаруа қожалығының жұмыскері бар. Жексен Абжанов 3-ші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін алды.
ЖЕКСЕН АБЖАНОВ, «БОЛАТ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ МАЛ БАҒУШЫСЫ
Осы жолы бірінші Форум болып Астанаға барып келдік. Президенттің қолынан марапат алып келдім. Енді оның бәрі адал еңбегіміздің арқасында. Еңбегіміз бағаланып жатқанына рахмет. Атамыз қазақ мал баққан, бәріміз мал бағып өстік. Басқа компьютер болмағансын, осы шаруашылықта қалуды жөн көрдім. ҚҰдайға шүкір бәрі жақсы.
Жалпы “Болат” шаруа қожалығы 20 жыл бұрын құрылды. Асыл тұқымды герефорд тұқымды ақ бас сиырларды және қой өсірумен айналысады. Қожалық жылдан жылға өсіп келеді.
СЕРІК СҮЛЕЙМЕНОВ, «БОЛАТ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ
Осы өзімнің мамандығым ауыл шаруашылығы мамандығы. Сол кездерде жер алып, шаруашылық ашып, тарбағатайдан қой әкелдім. 2008-2009 жылы ақ бас сиырлар әкелдім. 2011 жылы Одан кейін Канададан герофорд 330 бас әкелдім, Астанадан бері қарай. Жұмыс істеп жатырмыз.
Шаруа қожалық асыл тұқымды қара малдарды басқа шаруашылықтарға сатумен айналысады. Қалған 10 пайызын етке тапсырады екен.
СЕРІК СҮЛЕЙМЕНОВ, «БОЛАТ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ
Қазір енді 17 адам жұмыс істеп отыр. Мал басын айтатын болсақ, 2000 жуық қара мал, 2000 мың бас қой. Асыл тұқымды малы.
Осы адамдардың адал еңбегінің арқасында мал саны артып, шаруалар еңбектің дәмін татып отыр.
Самал Қалиқызы