Облыс орталығында мансап орталығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырды. Осымен 4-ші рет өтіп отыр. Нәтижесінде 60-тан аса адам жұмыспен қамтылды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Мансап орталығындағы бос орындар жәрмеңкесі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналды. Яғни бұл «Аманат» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткізіліп отыр.
СВЕТЛАНА ӘБДІРАМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Бұл жәрмеңке осымен төртінші рет өтіп отыр. Онда жалпы Павлодардың 100-ден астам компания, бүгін 15 шақты ұйым қатысты. 4 жәрмеңкенің нәтижесі бойынша осыған дейін 65 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды. Жәрмеңкеге көбінесе 3 топтағы мүгедектер келіп жатады, себебі олар жұмыс істеуге қабілетті. 1-2 топтағы азаматтарға көп жұмыс табыла қоймайды. Соларды жұмыспен қамтып жатамыз.
Сонымен, жәрмеңке мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған, алайда қаланың барлық жұмыссыз тұрғындары оған қатыса алды. Осы ретте, келушілерге үлкен өндіріс орындары, медициналық мекемелер мен сауда орталықтарының бос орындары ұсынылды.
Самал Қалиқызы